Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясы қолдауымен
Қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында қашықтықтан өткізілетін облыстық «Ертегілер әлемінде - Fairy World» атты театр өнері байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Байқауды ұйымдастырушылар Юнеско клубы мен «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК.
I.Байқаудың мақсаты: балалардың өз Отанына, еліне, жеріне деген махабатын сахна төрінде өнер арқылы насихаттап, өз қатарластарына үлгі бола отырып, тұлғалық дамуына үлес қосу;
Өнерге деген мүдденің жолында жүрген жас таланттардың сахна көріп, сахналы байқауға қатысуына жағдай жасау, сахна арқылы дүниежүзілік өркениеттің, соның ішінде өздеріне таныс шығармалар арқылы бойларындағы табиғи дарындылығын паш ету;
Байқаудың міндеті:
Балалардың шығармашылық сапасын арттыру;
Сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен дарынды орындаушылар мен сахналық топ ұжымдарының арасынан балалар мен жастардың сахналық топтарын анықтау;
Сахналық топтары арасында шығармашылық байланыс үшін жағдай жасау, тәжірибемен бөлісу, дарынды балаларға қолдау көрсету.
II.Байқаудың талаптары:
2.1. Байқауға қатысатын балалардың жас ерекшеліктері:
- Кіші жас категориясы (6-9 жас);
- Орта жас категориясы (10-13 жас);
- Жоғары жас категориясы (14-17 жас).
2.2. Байқауға қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, сахналық топтар қатысады;
2.3. Сахналық қойылымдарды бағалау өлшемшарттары:
қойылымның, оқушылардың жас ерекшеліктеріне және шығармашылық мүмкіндіктеріне сәйкестілігі;
қойылымдарды көркемдеп сәндеу;
қойылымды музыкалық әрлендіруі;
орындаушыладың актерлік шеберліктері;
орындау шеберліктері (дикция, екпіндеу тазалығы, әртістілігі);
жасалған сахналық бейненің шынайылығы.
III.Байқауға қатысу шарттары.
3.1. Әр мекемеден 1 сахналық қойылым байқауға ұсынылады. Сахналық қойылымның уақыты 5 минуттан аспауы тиіс;
Байқау сырттай өткізіледі.
3.2. Әр мекемеден сахналық қойылым (балаларға арналған шығармалар) дайындау, сонымен қатар бейне материал сапалы түрде түсірілуі қажет;
3.3. Сапалы бейнематериал үзіліссіз тұтас бір роликпен жіберіледі;
3.4. Сұраныс пен бейнематериал төмендегі кесте бойынша 2024 жылдың 28 қазаннан
15 қарашаға дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберілу қажет (жауапты маманның байланыс телефондары: 8 708 120 02 73; 8 705 379 75 83, байланысу уақыты: 9.00-17.00).
Мерзімінен кешіктірілген сұраныстар қабылданбайды.
IV.Байқауды қорытындылау:
4.1.Байқауға қатысушылардың өнерін тамашалап, оларға тең төрелік ететін әділқазылар алқасының мүшелерінің қатарында - театр өнерінің мамандары мен жоғары білікті мамандар болады. Әділқазылар шешімі өзгермейді және қайта қарауға жатпайды;
4.2. Байқау жеңімпаздары Юнеско клубының Бас жүлде, I, II, III орын дипломдарымен және үздік байқау жұмыстары (қойылым) және үздік орындаушылар «Үздік әртістік бейнені сомдау», «Үздік сахналық костюм», «Үздік орындаушылық шеберлік» номинациялары бойынша марапаттау беріледі;
4.3.2024 жылдың 22-ші қарашасында байқаудың қорытынды ақпараты «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК инстаграмына және Юнеско клубының әлеуметтік желісіне жарияланады.
Сұраныс үлгісі
«Ертегілер әлемінде - Fairy World» атты театр өнері, облыстық байқауына қатысуға
Сұраныс
|
№ |
Білім беру ұйымының атауы |
Қатысатын оқушылардың аты - жөні, |
Туған күні, айы, жылы (жасы) |
Жанр бағыттары: ертегі, қуыршақ, балет, пантомима, музыка (керегін жазу) |
Орындайтын шығармасының атауы, авторы |
Жетекшісінің аты - жөні, байланыс телефоны, элек.поштасы |
|
1 |
|
|
|
|
|
|







