Тарих үшін 30 жыл едәуір көп уақыт болмаса да, біз үшін бұл – егемен мемлекетіміздің қалыптасуының дербес жолы. Тәуелсіздік әрбір қазақстандықтың өз елі мен жерінің игілігі үшін атқарған қажырлы еңбегімен, дамыған және қуатты мемлекетте өмір сүруге деген ұмтылысымен нығая түседі. Көпұлтты Қазақстан күллі әлемге халқымыздың күші бірлікте екенін және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге деген батыл ұмтылысында екенін көрсетті.
Қазіргі кезде үдеп келе жатқан зорлықшыл экстремизм халықаралық терроризмнің идеологиясы ретінде діни үндеулерді жамылып, адам құқығы мен бостандықтарын белден басуда, адамзаттың діни, сондай-ақ мәдени және рухани мұраларына елеулі нұқсан келтіруде, діннің беделін жоққа шығарып, конфессияаралық қатынастарға қауіп төндіруде.
Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.
Осыған орай бірлігімізге нұсқан келтіруші топтарға, тероризмге қарсылығымызды бірлігімізбен білдіре отырып, жас буын өкілдері бірлікті бағалап, ЕЛДІГІМІЗДІ сақтайық. Азғырушы топтарға қосылмай, біліммен, еңбекпен дараланып, еліміздің тұрақты дамуына өз үлесімізді қосайық.
@obrazovanie_gorod_aktobe
#ақтөбетерроризмгеқарсы
#елдіңкүшібірлікте
#актобепротивтерроризма
#күшімізбірлікте