1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күні атап өтіледі. Осы атаулы күні, Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі" Мемлекеттік Мекемесі №4 өрт сөндіру мекемесінің Абдигаппар Нұрбол Бейбітович Қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты және Тайманов ӘлібекБөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Балалар шығармашылық үйі оқушыларының қатысуымен іс шара өткізілді.
Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты - Азаматтық қорғаныстың маңыздылығына назар аудару және апаттық, авариялық жағдайда өздерін қорғау үшін оқушылардың дайындығын арттыру болып табылады.
#азаматтыққорғау
#1наурыз
@obrazovanie_gorod_aktobe






