Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. 1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары  кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны  қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан  дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы  күндердің бірі етіп бекітті. Осыған орай облыс көлемінде "Қыран елім-Қазақстаным!"акция аясында іс шаралар өткізілуде. Аталған акция барысында білім алушылар арасында өткізілген мерекелік іс шара.