«Би ­– тек хобби емес. Ол денсаулықтың мығым болуын қамтамасыз етеді.
Бидің оң әсері:
Біріншіден, бидің физикалық тұрғыдан әсері жоғары. Осы өнерге келген балалардың төзімділігі артып, ағзаға түсетін жүктемеден буындардың жұмысы жақсарып, жүрек бұлшық еті нығая түседі. Осының арқасында ми жылдам дами бастайды. Би барлық бұлшық ет тобының дамуына үйлесімділік беріп, дене мүсініне сымбаттылық сыйлайды.

Екіншіден, психологиялық жетілуге жәрдемші. Би өнерімен шұғылданушы бала ерік-жігерін жаттықтырып, сабырлылыққа үйреніп, өзін-өзі бағалауда кездесетін проблемалармен өте сирек ұшырасатын болады. Қимыл әрекеттің жеңіл әрі әдемі болуы қоғамдық өміріне де әсер етеді. Баланың өзіне деген бағасы мен сенімділігі жоғарылайды.

Жетекшісі:Бақбергенова С.Б