Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Балалар шығармашылық үйі оқушыларының әжелері арасында «Асыл әжем» сайысы өткізілді.
Мақсаты :Әже тәрбиесін үлгі ете,өнегесін өмірде пайдалануға, жас ұрпақтын бойына әдет-ғұрыптарды сіңіруге тәрбиелеу.
Сайыс төмендегі шарттар бойынша өтті.
1.«Мен әжемін,ұрпағын әлдилеген»
Әжелер өздерін таныстырады.
2.«Халық тәлімі-тәрбие бастауы» (мақал-мәтел, тыйым сөздер, салт-дәстүр бойынша сауалдар)
Немересі сұрақтарды таңдайды, әжесі жауап береді.
3.«Өнерлінің қолы алтын»
Ою өрнек қию. Әжелер ою қияды, немересі дайын оюдан өрнек қарастырады.
4. «Әжелердің таңсық тағамы» немересіне арнап дайындаған ұлттық тағам жолын таныстыру.
Сайысқа 6 Әже қатысып,шарттарға дайындықпен қатысты.
Сайыс қортындысы бойынша «Асыл әжем»,«Іскер әже»,«Тапқыр әже»,«Мейірімді әже»,«Сымбатты әже»,«Көркем әже» номинацияларымен марапатталды.
https://domdt-aktobe.kz/kz/zhanaly-tar/166-khaly-araly-jelder-k-ni.html#sigFreeId55e28122f4






