Ұлттық қол өнер бұйымдар күні-орай оқушылардың өз қолдарымен жасалған қол өнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады. Осы өнер түріне Балалар шығармашылық үйінде қол өнер үйірмесінен үйренуге болады.
https://domdt-aktobe.kz/kz/zhanaly-tar/175-ltty-ol-ner-b-jymdar-k-ni-oraj-o-ushylardy-z-oldarymen-zhasal-an-ol-ner-b-jymdarynan-k-rme-jymdastyryldy.html#sigFreeId154bc8cb08






