Сурет салу барысында балада талдау, жалпылау ойлау, ойын жүйеге келтіріп жинақтау, өз идеясын әсем түрде жеткізе білу, еңбекті бағалау, шыдамдылық сияқты қасиеттер дамиды. Бірақ балалардың барлығы бірдей қабілетті бола бермейді.
Сурет – бейнелеу өнеріне қажет ең маңызды қабілет пен дағдыларды қалыптастыратын бастауыш мектеп сияқты. Сурет салу барысында адам қоршаған ортаны бақылауға, көргендерін ойша талдауға дағдыланып, заттарды, құбылысты терең сезініп қабылдай бастайды. Бейнелеу шеберлігін меңгеру, көркемдік көру қабілеті мен оны өз суреттері арқылы бере білу де суреттен басталады.
Бала әдемілікті бойына жинасын десеңіз, бейнелеу өнері таптырмас өнер.
Жетекшісі: Алмағанбетова Г. К
https://domdt-aktobe.kz/kz/zhanaly-tar/196-suret-bejneleu-nerine-azhet-e-ma-yzdy-abilet-pen-da-dylardy-alyptastyratyn-bastauysh-mektep-siya-ty.html#sigFreeIdd3dea1e586






