Құтқарушылар күніне орай "Шырпы балаға ойыншық емес " апталық аясында "Төтенше жағдай және біз" атты іс шараға шақырылған Ақтөбе қаласының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры Досжанова Дина Жаңбырбаевна және азаматтық қорғау капитаны Тлеубаева Ляззат Анкарбековна  қызметкерлерімен бірлесе сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 24 оқушы жұмысы ұсынылды. Тақырыпқа сай үздік оқушылар суреттері марапатталды.