Жарысты ұйымдастырушылар: «Әдістемелік кабинет» КММ, «Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК

  І. Жарыстың мақсаты мен міндеттері:
  2013-2050 жылдарға арналған «Дене тәрбиесі мен спортты дамыту» мемлекеттік
  бағдарламасының орындалу мақсатында:
- Дене тәрбиесі саласында насихаттау жұмысын күшейту;
- Салауатты өмір сүруге шақыру;
- Командалық мықты ұжымды іріктеу.
- Сауықтыру міндеттері - дене жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайту.

«Салауатты өмір салтын сақтау - денсаулықтың кепілі» атты Ақтөбе қаласы қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары арасында өткізілетін қалалық волейбол жарысына қосымша білім орындарынан сегіз команда қатысты.

Осы волейбол жарысы ойынынан топ жарып шыққандан командалар I, II, III жүлделі орындарға жарысты.

Жарыстың қортындысы бойынша, жүлделі орын алған командалар I, II, III дәрежелі дипломдар және ақшалай сыйлықтарға ие болды

I орын - «№1 Балалар музыка мектебі» МКҚК;
II орын - «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК;
III орын - «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК.

Алғыс хаттармен марапатталған сегіз команда:
«№3 Балалар музыка мектебі» МКҚК -  Алғыс хат;
«Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» КММ - Алғыс хат;
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» МКҚК - Алғыс хат;
«Шығармашылық Академиясы» МКҚК - Алғыс хат;
«Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК - Алғыс хат