«Балалар шығармашылық үйі» МКҚК
«Сахна - сыры ашылмаған құпия өнер» атты қалалық шығармашылық шебер-класс өткізілді.
Қалалық шебер-класты «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ, «Әдістемелік кабинет» КММ, «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК біріге ұйымдастырды.
Шебер-кластың мақсаты:
- Шығармашылық өнердің заманауи талаптарына сәйкес кәсіби шеберлікке дайындау, шығармашылық өнер саласы мамандарының табиғи сөйлеу және дауыс мүмкіндіктерін жетілдіріп дамыту, бейнелі ойлау қабілеттерін қалыптастыру, сахнада табиғи әрекет жасауға баулу.
Шебер-кластың міндеттері:
– балалар шығармашылық мекемелерінде білім беру қызметі сапасын арттыру;
– өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;
– сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен дарынды орындаушылар мен кәсіпқой педагогтармен байланыс жасау, тәжірибемен алмасу.
– балалар мен жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыруға ықпал ету.
Семинарға Ақтөбе қаласының қосымша білім беру мекемелерінің қосымша білім беру педагогтары және жалпы білім беретін орта мектептерден «Актерлік өнер», «Сахна тілі», «Театр» үйірмелерінің жетекшілері қатысты.
Шебер-класс «БШҮ» МКҚК директоры Жаксылыкова Сауел Мухамбетказиевнаның алғы сөзімен ашылды.
Қалалық шебер-класс модераторы:
«БШҮ» МКҚК директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джапарова Бакытгуля Нурсултановна.
Шебер-класқа қонақ болып әрі «Сахна өнерінің ғажайып әлемі» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөліскен ҚР Құрмет ордені иегері, мәдениет саласының үздігі, Т.Ахтанов атындағы драма театр актрисасы Бақытжанова Шалқия Ауғанбайқызы.
Спикерлер:
«БШҮ» МКҚК әдістемелік бөлім меңгерушісі Лукпанова Гулмира Едигеевна «Актерлік шеберлік арқылы педагогикалық шеберлікті дамыту»;
«БШҮ» МКҚК қосымша білім беру педагогы, педагог-зерттеушісі Алпысбаева Гульнар Кальниязовна«Сахна сәні – сырлы сөз»;
«БШҮ» МКҚК әдіскерлері Қожанова Алма Жанболатовна, Ибраева Асемгуль Сагиновна «Педагогикалық рефлексия функциялары» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«БШҮ» МКҚК, «Шешендік өнер» үйірмесі білім алушыларының «Сахна және театр» қойылымдарына шебер-класс қатысушылары риза болды.
https://domdt-aktobe.kz/kz/zhanaly-tar/226-balalar-shy-armashyly-ji-mk-k.html#sigFreeId68ae8020cd






