“Таланттарды бірге ашамыз” жоба аясында балалар мен жасөспірімдер арасындағы “Жұлдыздар жарқырайды” фестивалінің ән-би байқауы өтті. Байқауға вокалдық жанр бойынша «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК-ның вокал үйірмесіне қатысушы шәкірттеріміз қатысты. Байқау нәтижесі бойынша: «Little stars» тобы мен «Бастау Fest» тобы I орын. Жеке дауыста 9”Ә” сынып білім алушысы Арманқызы Ақниет, 1 «Ә» сынып білім алушылары Уралбай Сымбат пен Берден Айдана II орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!






