"Спорт өмір серігі" қалалық волейбол жарысы

"Әдістемелік кабинет" КММ, "Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы"ҚБ  және "Балалар шығармашылық үйі" МКҚК ұйымдастыруымен "Спорт- өмір серігі" атты Ақтөбе қаласы қосымша білім беру ұйымдарының  педагогтары арасында  қалалық волейбол жарысы өтті. Жарысқа жеті команда қатысты.
Жарыс қортындысы бойынша "Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы"ҚБ тарапынан бас маманы Роза Нургалиевна құттықтау сөз сөйлеп,ақшалай сыйлықтарын табыс етті.
Жүлделі орындар мен ақшалай сыйлықтарға ие болған командалар:
1)I дәрежелі диплом - "Балалар шығармашылық үйі"МКҚК.
2)II дәрежелі диплом - "1 Балалар музыка мектебі" МКҚК.
3)III дәрежелі диплом "Қазанғап атындағы Балалар өнер мектебі" МКҚК.
Үздік ойын көрсеткені үшін "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы" МКҚК - Алғыс хатқа ие болды.