JAS TOLKYN" балалар мен жасөспірімдердің халықаралық шығармашылық байқауы
JAS TOLKYN" балалар мен жасөспірімдердің халықаралық шығармашылық байқауы Ресейде 20 жылдан аса уақыт бойы өткізіліп келе жатқан "КҚК- талантты балаларға" фестивалі аясында Қазақстанда алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылды. Өнер сайысында елімізде танымал Қазақстанның Халық әртісі, профессор,Қазақстан Еңбек Ері, ЮНЕСКО "Әлем әртісі" атағының иегері Айман Қожабек қызы Мұсахаджаева жас таланттармен кездесіп жылы лебізін білдірді.Бұл байқау өнерді сүйетін балаларға үлкен сахнаға жол ашатын жобаға айналды.Бүгінде батыс өңіріндегі жас өрендер тұрақты қатысып келеді. Байқауға өнер майталмандары қазылық етті. Байқауға Алпысбаева Гульнар Кальниязовнаның жетекшілігімен "Шешендік өнер" үйірмесінің тәрбиеленушілері Мұсабек Эльзат (1-орын) және Хайролла Аида (2-орын) қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Бүгінгі таңда "JAS TOLKYN" балалар мен жасөспірімдердің халықаралық шығармашылық байқауының жинағы шықты.
https://domdt-aktobe.kz/kz/zhanaly-tar/263-jas-tolkyn-balalar-men-zhas-spirimderdi-khaly-araly-shy-armashyly-baj-auy.html#sigFreeIdf32791ff17






