"BASTAU-2023" эстрадалық вокал және дәстүрлі ән байқауы

"Ақтөбе қалалық мәдениет үйіне қарасты "Нокин" мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «BASTAU-2023» эстрадалық вокал және дәстүрлі ән байқауы өткізілді.
Эстрадалық вокал жанры бойынша жеке, трио, квинтет орындауда бақтарын сынап, өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша: Гран При «Lettle stars» тобы иеленді. Ал, 2 орын «Бастау Fest» тобы және Трио Абдуллина Томирис, Мұратова Нұрайым, Садықов Расул марапатталды. Жеке орындауда 2 орынды Берден Айдана, ал, 3 орынды Сәкен Медина мен Уралбай Сымбат марапатталып, Сайд Зарина«Алғыс хатпен» марапатталды. Жетістіктеріңіз құтты болсын.
«BASTAU-2023» ән байқауында жас ұрпақтың өнерін шыңдаудағы еңбегі үшін вокал жетекшісі Галымова Гулнара Утегеновна «Алғыс хатпен» марапатталды.