Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Ақтөбе қаласында халықпен кездесуі барысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының 1200-ден астам мемлекеттік мектеп директорлары, білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» форумында бас қосты. Сонымен қатар Smart Bilim мектебінің базасында олар үшін диалог алаңы ұйымдастырылып, жиынға қатысушыларға білім беру саласындағы бақылау және мониторинг шараларының қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар туралы айтылды. Форум барысында талқыланған мәселелер бойынша атқарылар жұмыстар,форум қатысушыларына тың серпін берді. Аталған шарада,Балалар шығармашылық үйі, қолөнер көрмесіне ұлттық нақыштағы қолдан жасалған бұйымдарды ұсынды. Педагог:Қожанова Алма Жанболатқызы Джапарова Бакытгуль Нұрсұлтанқызы