Дәстүрлі түрде биыл да Балалар шығармашылық үйі "Болашағы біз елдің" жылдық есеп беру концертін өткізіп, жыл бойы үйренген білімдерін көрсетіп, кеш қонақтары,  және ата - аналар қошеметі мен жылы лебіздеріне бөленді.
Концерт барысында, Балалар шығармашылық үйі МКҚК, М.Арын атындағы қазақ орта мектебі, Қызылжар орта мектебі, №45, №10, №26, №46, №48, №58, №61, №69 жалпы білім беретін мектептердегі филиалдарындағы үйірме тәрбиеленушілері қатысып өнер көрсетті.
Концертте өнер көрсеткен өнерлі, талантты тәрбиеленушілер мен жетекшілеріне және ата - аналарға, @academy_aqtobe  ұжымына өз алғысымызды білдіреміз.