М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің жатақханасындағы орналасқан Эвакопунктте балалар арасында шахмат және шашкадан
жарыс өткізілді. Екі сағатқа созылған бұл жарыста балалармен қатар ата - аналар да белсенді ат салысты.
Осындай шараны ұйымдастырған үшін ата - аналар және балалар мәз-мейрам болып, алғыстарын білдірді.
Шараны ұйымдастырғандар - Балалар шығармашылық үйінің оқу - тәрбие ісі орынбасары Джапарова Бакытгуль Нұрсұлтанқызы, көпшілік іс шара бөлімінің меңгерушісі Қонақбаева Бақыт Көбекқызы және қосымша білім беру педагогтары Бакитжанов Мейрамбек, Каюпов Ержан, Жеңіс Ақниет шараның өз деңгейінде өтуін ұйымдастырды.
Жалпы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің жатақханасындағы орналасқан Эвакопунктте 252 адам, оның ішінде 117 бала бар.






