Балалар шығармашылық үйі Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясына қабылданып, «Қазақстандық ЮНЕСКО клубының мүшесі» мәртебесіне ие болды, құттықтаймыз!
2009 жылдан бері елімізде жұмыс жасайтын Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясына бүгінде көптеген республикалық мектеп пен қосымша білім беру ұйымдары мүше. Негізгі мақсат – дарынды балалар мен жастарды қолдау, мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамыту, сонымен қатар әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға көмек беру, халықаралық елдер арасындағы өскелең ұрпақтың достығын нығайту. Федерацияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
– ЮНЕСКО-ға мүше бола отырып оқушыларымыздың республикалық деңгейдегі мәдени-көпшілік шараларға, байқауларға тегін қатысуына мүмкіндік аламыз. Осылайша таланттармыздың жарқын істері жалғасын тауып, соңы серпінге ұласады деген үміттемін. Алдағы уақытта осы бағытта нақты жұмыс жоспарын бекітіп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізбекпіз. Ең бастысы, дарынды, өнерлі оқушылары өз өнерлерін, таланттарын республикалық деңгейде көрсете алады. Бұл – біз үшін үлкен жетістік - дейді Балалар шығармашылық үйі директоры Жаксылыкова Сауел Мухамбетказиевна.






