Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы қолдауымен «Біз гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсымыз» аймақтық жобасы аясында «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК тәрбиеленушілері арасында «Әр бала зорлық - зомбылықсыз өмірге құқылы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шарада көпшілік іс шара ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі Қонақбаева Бақыт Көбекқызы оқушыларға отбасындағы,мектептегі,көшедегі зорлық- зомбылық ,түрлі қауіпсіздік шаралары туралы бейне үзінді және ақпараттар берді. Сонымен қатар оқушылар арасындағы достық,сыйластық,ата- анаға құрмет,сыйластық қарым-қатынастарын қалыптастыру мақсатында психолог Умарова Ақмарал Даулеткалиевна тренинг өткізіп,шара соңында тақырыпқа байланысты ақпарат парақшалары таратылып, оқушылар өз ара пікір алысып талданды.
https://domdt-aktobe.kz/kz/zhanaly-tar/310-r-bala-zorly-zombyly-syz-mirge-yly.html#sigFreeId65fd1e0c5d






