Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, Шығармашылық Академиясы мен Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың вокал класының оқытушыларының арасында Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының 95 жылдық мерейтойы аясында «ҚАЗАҚСТАНЫМ - АРДАҚТЫ МЕКЕНІМ» атты облыстық патриоттық әндер байқауы өтті.
Байқауға барлығы 20 (дуэт) қатысушы қатысты.
Байқауда жүлделі орын иегерлеріне Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының дипломы және серттификаттары тапсырылып, қатысушыларға белсенділік танытқан үшін Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Байқауға қатысып, белсенділік танытқан вокал педагогтары Бакитжанов Мейрамбек пен Галымова Гүлнарға алғыс білдіреміз, шығармашылық шабыт тілейміз.