2024 жылдың 12 желтоқсан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Елдің рухын көтерген Азаттыққа мың алғыс!» атты патриоттық кеш өткізді.
Шарада тарихы тереңде жатқан қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолындағы төккен еңбектері, ата бабаның ұрпаққа қалдырған мұрасы, қанымызда бар салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайлы айтылып, «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Омар Жанар Рысбайқызы, мүшесі Гүлайым Шынтасқызы Жанғалиева қазақ елінің шежірелі тарихында «Желтоқсан оқиғасының» орны мен қасіретін еске алып, қыршын кеткен қазақ жастарының ерлігі жайында терең әңгімеледі.
Оқырмандар назарына «Азат елдің аспаны ашық!» атты әдеби монтажы мен патриоттық әндер, «Тәуелсіздік жас ұрпақтың шаттығы» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Аталған шарада Балалар шығармашылық үйінің "Шешендік өнер" үйірмесі оқушылары әдеби монтажбен өз өнерлерін көрсетті.