8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында @anaga_tagzym бірлесе Анаға тағзым рухани -адамгершілік кешенінде нәзік жанды Аруларға арналған "АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ" атты мерекелік концерт берілді. Мерекелік шарада Балалар шығармашылық үйінің МКҚК директоры Жаксылыкова Сауел Мухамбетказиевна және Ақтөбе қаласының отбасын қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Таңатаров Жақсылық Мирамгалиевич мерекелік құттықтау сөз сөйледі.
Аталған шарада Балалар шығармашылық үйінің оқушылары ән мен күйден шашу шашып,мың бұралған жас бишілері өз өнерлерін көрсетті. Өнерлеріне риза болған мереке иелерінің алғысы мен жылы лебіздерін ие болды.