Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлу мақсатында өнерпаздарымыз «Елімнің бақыты-Тәуелсіздік» атты мерекелік концерттік бағдарлама даярлап, «Аяла» балалар орталығына Тәуелсіздігіміздің 30жылдық мерей тойы қарсаңында ән шашуымен мерекелік көңіл күй сыйлады. Балалар шығармашылық үйі атынан мерекелік шараға қолдау көрсеткен @ayala_aktobe ұжымына алғыс білдіреміз!
#тәуелсіздік30жыл