«Балалар шығармашылық үйі» МКҚК ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ертегілер еліне» атты Ақтөбе қалалық білім бөлімі, қала мектептері және қосымша білім беру ұйымдары оқушыларының арасында қашықтықтан өткізілген қалалық байқауға 8 мекемеден, 20 топ жұмысы ұсынылды. Байқау мақсаты: баланың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, сахна шеберлігін дамыту, бірлесе жұмыс жасауға бейімдеу. Қалалық байқауға белсенді қатысқан топтарға алғысымызды білдіреміз және жүлделі орын иегерлерін құттықтаймыз!






