Қосымша білім беру ұйымдарында баланы заманауи, шығармашыл бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру, жан жақты дамыту.

«НұрScience» республикалық ғылыми-әдістемілік журналының

 №16(107) қараша 2021ж санында жарияланған мақаласы

Оқу - білімсіз өнер де жоқ, тұлға болу үшін де,

болмаса басқа түрлі  өнерпаз болу үшін де

ең алдымен білім керек

Ғабит Мүсірепов

Қосымша білім беру орындарында үш түрлі мақсат көзделеді.

Олар:

  • үйрету;
  • шығармашылық өсулеріне жағдай жасау,
  • өз мүмкіндігін дұрыс пайдалануына көмектесу.

 

 

Осыларды жүзеге асыруда негізгі қағидалар:

балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділігін дамытуға;

- бос уақытында салауатты өмір салтын сақтауға;

- заман талабына сай өмір сүруге бейімдеу маңыздылығына бағыттайды;

- қосымша білім беру педагогтарының біліктілігі жоғары деңгейде болуы, балалардың білім алу бағытын, жүйесін, оқу деңгейін анықтауды айқын көрсетеді.

Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге ат салысу, оған аса мән беру – қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірме жұмыстары күннен-күнге ұлғая түсуде. Қосымша білім беру ұйымдарында  жүргізілетін тәрбие жұмыстары, сабақ үстінде жүзеге асырылып, толықтырылады және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады.

Балаларға қосымша білім беру саласы алуан түрлі. Қосымша білім берудің құндылығы балаларға кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектеседі, алған білімдерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Балаларға қосымша білім беру балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, балалық шағын толыққанды өткізу үшін балаға жағдай жасайды. Бала қосымша білім беру саласында өмірдің ең маңызды мәнін ұғынады балаға өз жолын табуға түрткі болады.

Осындай балаларға қосымша білім беретін мекеменің бірі облыс орталығындағы қалалық білім бөліміне қарасты біздің балалар шығармашылық үйі 2015 жылғы желтоқсан айының 10-ынан бастап қызмет атқаруда. Балалар шығармашылық үйіндегі 29 үйірме төрт түрлі бағытта (әлеуметтік-педагогикалық ғылыми-техникалық, эстетикалық-шығармашылық, спорттық) жүйелі түрде жоспарлы жұмыс жасайды.

Осы бағыттағы үйірмелердің оқушылары барлық қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың, фестивальдар мен жарыстардың жүлдегерлері.

 

Біздің балалар шығармашылық үйінде шығармашыл қосымша білім беру педагогтарынан құралған ұйымшыл ұжым бар. Осы оқушыларға білім беретін қосымша білім беру педагогі әр түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламаларын тікелей жүзеге асыруда еңбек етуде. Қосымша білім беру педагогы балалардың алуан-түрлі шығармашылық әрекеттерін дамыту маманы болып табылады. Олар оқушылардың қабілеттері мен дарындарын, оның ішінде эстетикалық-шығармашылық, көркемөнер, ғылыми-техникалық, музыкалық  әрекеттерін дамытумен шұғылданып, өз қызметі шеңберінде білім алушылардың шығармашылық ерекшеліктерін анықтайды, оларды дамытуға көмектеседі.

Дарынды да талантты ұл-қыздардың шығармашылығын шыңдайды. Біздің шығармашыл үйінің дарынды да, шығармашыл  актер үйірмесінің оқушылары Алматы қаласындағы түсірілген веб сериалға кастингтен өтіп, «Менің атым Арман» телесериялдың негізгі ролін Амандуллина Дана және Аманов Асет сомдады, қалған алты оқушы жалпы рөльдерді ойнады.

 

Қазіргі пандемия жағдайында карантин шараларын сақтай отырып, әр түрлі форматтағы оқу-тәрбие қызметін тиімді пайдалану мақсатында, қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы және штаттық режімде 15 баладан аспайтын шағын топтарда оқу процессі ұйымдастырылды.

Қашықтан оқыту - педагог пен білім алушы арасындағы тікелей байланыссыз, заманауи ақпараттық телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген оқыту процесі. Цифрлық технологиялар дамыған заманда білім алушыларға телефон мен компьютер қолданып сабаққа қатысу еш қиындық тудырмады, керісінше балалар жаңа технолияларды меңгере отырып оз беттерінше ізденіп, өз ойларын жинақтап, сенімділіктерін арттыруға мүмкіндік берді.

Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің басты ерекшелігі мынада:

  • Балалар мен жасөспірімдерді өз еркіне қояды және мұнда адамның өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне толық мүмкіндік беріледі, сонымен қатар балалар білім алу бағытын, жүйесін, деңгейін және соңғы нәтижені өздері таңдайды. Бұл ерекшелік қосымша білім беру ұйымдарының білім беру жүйесіндегі шығармашылық қарым-қатынасты, педагог пен баланың немесе педагогпен қосымша білім беру ұйымдарының бірлескен іс-әрекетін белсенді және қарқынды жаңа педагогикалық технологиялық оқыту әдістемесін үнемі үйлестіріп отырудың қажеттілік екенін айқын көрсетеді;
  • Педагогпен бірлесе отырып жасаған шығармашылық тапсырмаларды шешу білім алу процесіндегі психологиялық құрылымды өзгертеді немесе екі жақтың әрекеттесуі, қарым- қатынас жасауы, барлық қатысушылардың бір-бірімен тығыз байланысты болуы әр баланың ішкі түйсігінің оянуына әкеледі;

Қорыта айтқанда балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру орындарынан айырмашылығы онда бала басқаша білім жолын басып өтеді. Мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды, ең бастысы бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады. Бала адамзат еңбегінің, білімінің бірін терең игереді, оған дағдыланады, өз шеберлігіне масаттанады, педагогына сенеді. Ендігі басты міндет қосымша білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып қосымша білім берудің өз нәтижесі мен оны анықтаудың өз әдістемелерін жетілдіре, дамыта түсу қажет.