БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Жаксылыкова Сауел Мухамбетказиевна
Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Жанақоныс
«Балалар шығармашылық үйі» МКҚҚ директоры
№52. 2021 жыл, қараша
«САМҒАУ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына
жарияланған мақала

Қазіргі қоғамның білім саласындағы өзекті мәселесі – әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейім және өзі өмір сүріп жатқан қоғамды өзгертетін тұлға қалыптастыру. Қоғамда өмір сүруге бейім тұлға шығармашыл, интеллектісі жоғары, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол, ой-өрісі кең, терең білімді, кәсіби сауатты болуы тиіс. Тұлға бойындағы осындай талаптарды қалыптастыра отырып, оқу-тәрбие үдерісі білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбек. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Қазақстанның білім саласында әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Барлық жаңғырту үрдісіндегі табыстың негізгі факторларының бірі – ұлттық білім беру жүйесін жаңарту болып табылады», деген сөзін негізге ала отырып елімізде білім беру үдерісі жаңартылуда. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға бағытталған. Ал білім саласындағы түбегейлі өзгерістер оқытушыдан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу – ұстаздың қолында.
Қосымша білім беру ұйымының мақсаты - әрбір тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді пайдалану мен бірге қоғамның дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты шығармашылықпен ойлай алатын, дені сау, білім мен білік дағдылары қалыптасқан, адамгершілігі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Міндееттері:
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламасы бойынша балалардың түрлі бағыттағы қабілеттерін дамытуға жан-жақты ықпал ету;
Ұлттық құндылықтар негізінде өнердің әртүрлі саласы бойынша тәрбиеленуші бойындағы шығармашылық қабілетін ашуға, мүмкіндік жасау;
Тәрбиеленушілердің рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту, патриоттыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бос уақыттарын мағыналы, тиімді пайдалануға көмектесу мен күрделі мәселелерді шеше білуге үйрету.
Оқытушының шеберлігі қандай жоғары болса да ол оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткендегідей нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Сол белсенділікті жүзеге асыратын – жаңартылған оқу бағдарламасы. Оны өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдыретті деп санайтын білімді оқытушылар ғана іске асырады.
Сондықтан дарынды оқушылардың дамып, шыңдалуына негіз болатын – дарынды ұстаздар.
Осы қосымша білім беру ұйым оқытушылары де түрлі облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып, облыстық, республикалық көлемде өткізілетін семинар, конференцияларда белсенді түрде тәжірибе алмасуда. Осындай тәжірибелі ұстаздардың қатарына жаңадан келіп қосылған жас мамандарға тәлімгерлері қолдау көрсетіп, шеберлік сынып, тренингтер, коучингтер, менторингтер арқылы мұғалімдіктің қыр-сырын үйретуде.
Еңбек жолын оқытушы болудан бастаған жас мамандарға өзіне-өзі сенімді болуы үшін терең білім алып, бәсекеге қабілетті интеллектуалдық дәрежесі жоғары маман болуына баса көңіл бөлінуде. Білім мазмұнында – оқушыларымыздың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылыми құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі ең басты қажеттілік.Білім беру кеңістігіне кірудің стратегиялық мәселелерінің тағы бірі – қосымша білім беру ұйымында материалдық-техникалық базасын жаңарту. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін қосымша білім беру ұйымында материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталуда. Басқаруда білім берудің сапасын үнемі өзіндік тәртіппен бағалауды қамтамасыз ету де маңызды мәселе.Білім беруді жаңартылған мазмұнға көшіру аясында білім беру үдерісін тиімді басқару қажет. Үлкен жетістіктерге қол жеткізу ұйымда педагогикалық ұжымға ғылыми тұрғыдан дұрыс басшылық жасауға да байланысты. Өркениетке көшкен әлемнің көптеген елдерінде мекеме ұжымының имиджін қалыптастыру, оны жоғарылату ниетінің өскені байқалады.
Білім беруді жаңарту технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
https://domdt-aktobe.kz/kz/zhanaly-tar/97-sam-au-respublikaly-ylymi-distemelik-zhurnalyna-zhariyalan-an-ma-ala.html#sigFreeIdae0f3325c2






